Бүгін «Antikor Ortalygy» алаңында білім беру саласындағы комплаенс-қызметі бойынша жауапты қызметкерлермен кездесу өтті. Семинарға облыстың шалғай аудандарының өкілдері Zoom платформасы арқылы қосылды.
Іс-шараға 200-ден астам қатысушы қатысты. Жиналғандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру, есептілікті жүргізу, мемлекеттік сектор субъектілеріне комплаенс-қызметтерді енгізу, оны жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар беріліп, түсіндірілді.
Өзекті тақырыпты талқылау барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Жұмыс мазмұнды әрі пікір алмасу форматында өтті. Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі бойынша пайдалы ұсыныстар алды.
https://dshi-semei.rka.kz/kz/sybajlas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl/94-bilim-beru-salasynda-y-komplaens-yzmetteri.html#sigFreeId154bc8cb08






