«Отбасы –қауіпсіз мекен” атты
“Екі жұлдыз” шығармашылық фестиваль-концерті
2022 жылдың 30 мамыр күні Балалар жылы аясында, вокал бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы –қауіпсіз мекен” атты “Екі жұлдыз” шығармашылық фестиваль-концерті өтті.
Отбасы қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты. Қазақ халқының қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтқан.
Фестиваль сайыскерлері:
1-ші қатысушылар Токтарова Ардақ Мұратбековона мен Әнияр Айзада!
2-ші қатысушылар анасы мен қызы Кәдірбекқызы Айгерім, Қызырбек Адия!
3-ші қатысушылар анасы мен қызы Сайлаубекқызы Гүлмира, Халел Сабина!
4-ші қатысушылар ағайынды Абылахан Темірлан мен Абылахан Алуа.
Отбасы ол – бақыты ғой адамның,
Отбасы ол – тірегі ғой қоғамның.
Берекелі отбасылар қашанда,
Қорғаны мен қамқоры ғой баланың.
Отбасы ол – өміріміздің мәні,
Отбасы ол – тұрмысымыздың сәні.
Бәрімізді бір ортаға жинайтын,
Отбасы ол – татулықтың жыр-әні.
Мектеп әкімшілік атынан қатысушыларға Алғыс хат тапсырылды! Баршаңызға отбасында бақыт, ырыс - дәулет, жақсылық пен шаттық болсын деп тілейміз!
https://dshi-semei.rka.kz/kz/zhanaly-tar/102-eki-zh-ldyz-shy-armashyly-festival-kontserti-tti.html#sigFreeIda9ee808a1e






