2022 жылдың 17 мамырда ЮНЕСКО Клубы Балалар өнер  мектебі «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы!» атты, Балалар жылына арналған Есеп беру концертін өткізді. Концерт – үкілеп отырған жас дарындардың жемісі мен жеңісін көрсететін шаттық мерекесі! Мектеп Акт залының сахнасында көптеген Халықаралық, Республикалық, облыстық байқауларының лауреаттары мен женімпаздары өз өнерлерін көрсетті. Концертте домбырашылар, қобызшылар, орыс халық аспаптар ансамблі, домбырашылар дуэты, виолончель квартеті, камералық ансамбл, кіші және үлкен топ хорлары, сонымен қатар фортепиано, домбыра, қыл-қобыз, қобыз, виолончель, скрипка, баян, балалайка аспаптары ойналды. Концерттік бағдарламада Абайдың «Көзімнің қарасы», Абай әндерінен поппури, Латиф Хамиди «Жазғы таңда», А.Абдинуров «Аққу», И.Штраус «Полька Трик-трак», Поль Мориа «Менуэт» т.б. композиторлардың шығармалары тыңдалды.

Балалар өнер мектебінің оқушылары мен ұжымды құттықтау үшін Муқан Тулебаев атындағы музыкалық училищесінің директоры Ахметов Сайлауғазы Жұмағазыұлы, қалалық маслихат депутаты Балет мектебінің директоры Исмаилова Камиля Рашидовна келді. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жаксыбаев Серік Дуйсенбекұлы  мектеп директоры Ргелова Кулғазы Бигазиевнаға Алғыс хат тапсырды.

Концерт өте жақсы деңгейде өтті!