2022 жылдың 23 мамыр күні Экономикалық лицейде Семей қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы дарынды балаларға құрмет көрсету рәсімі өтті. Қала әкімі – Бақытжан Кәкенқажыұлы Баяхметов оқушыларды құттықтап, сыйлықтар тапсырды. Осы іс – шараға Халықаралық, Қазақстанның ішінде Республикалық, облыстық, түрлі шығармашылық байқауларда биік шыңдарды бағындырып жетістікке жеткен Балалар өнер мектебінің оқушылары: Курманбаева Айлин – ұстазы Габдурашитова Н.И., Ерболов Ералі, Абылахан Алуа, Мусралиев Темірлан, Бектурганова Жаннұр, Амирсанова Кәусар, Қонырбекова Аяулым, Құсман Мансур – ұстазы Токтарова А.М., Балтан Ерасыл – ұстазы Канатова Д.К., Дуйсенбекова Сабина – ұстазы Кунафина Н.М., Рысбеков Алдияр – ұстазы Кожакова Р.Б., Дуйсенбеков Мерей – ұстазы Попов С.Ю., Дәлелханов Азамат – ұстазы Касымбекова К.М., Тастаганова Айзере – ұстазы Жуматаева А.С. және домбырашылар ансамблі – жетекшісі Касымбекова К.М. қатысты. Көркем қолданбалы өнер бөлімі тәрбиеленушілерінің жұмыстары қойылып, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламаны тамашалап, балалар риза болып, жақсы көңіл-күйде қайтты!
https://dshi-semei.rka.kz/kz/zhanaly-tar/98-semej-alasynda-y-daryndy-balalar-a-rmet-k-rsetu-r-simi.html#sigFreeId2da74fe2aa






